Телеарна туралы

«ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Телеарнаның іргетасы 1970 жылы шілде айында қаланған. Ең алғашқыда ол Гурьев облысы бойынша Шевченко телевизиялық студиясы деп аталды. 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы бағдарламасы көрерменге жол тартты. Мекеме 2003 жылдан бері  «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы деп аталады.

2012 жылдың 21 қаңтарында «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ-ның директоры болып Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев тағайындалды. Жаңа басшының бұрынғы журналистік және басқа арналарда жасаған басшылық тәжірибесі телеарнаның өміріне жаңа тыныс, жаңа үрдістер алып келді.

Телеарна облыс аумағын 100% қамтиды. «Отау ТВ» арқылы республика және жақын шет елдерге де тарайды.

Бүгінде телеарна тәулігіне 14 сағат, «Маңғыстау» радиосы 100.1 FM желісі арқылы тәулігіне 2 сағат хабар таратып отыр.  Жаңаөзен қаласында өкілдігі бар, «Қазақстан Жаңаөзен»  арнасы тәулігіне 6 сағат хабар таратуда.

Сондай-ақ, аймақтық телеарналар ішінде алғашқы болып өз сайтын ашты. Бүгінде сайтқа тәулігіне кемінде 2500 адам кіреді.

«Қазақстан Ақтау» арнасы облыстық телеарналар арасында эфирдегі өз туындыларының үлес салмағымен ерекшеленеді. Бүгінде эфирге берілетін хабарлардың 82 %-ы арнаның өз өнімдері, кей кездері 91%-ға дейін барады.

Тұрақты түрде шығатын хабарлар саны   62 хабар, оның 16-сы интерактивті түрде, тікелей эфирде шығады.

Кейінгі жүргізілген тәуелсіз сауалнама облыс тұрғындарының 90 %-ы «Қазақстан Ақтау» арнасын тұрақты түрде қарайтынын көрсетті.

Мысалға, 2012 жылдан бастап халықтың құқықтық сауатын аша түсуге, кеңес беруге арналған  «Менің құқығым» хабары ашылды. Онда кез-келген көрермен тікелей эфир арқылы студиядағы мамандарға хабарласып, тиісті кеңес ала алады. Сол сияқты,  жалпы тазалық сақтау мәдениетін жұрттың бойына сіңіру бағытында  «Қырағы көз» жобасы жасалды. Бұрын қолындағы қоқысты аяқ астына тастай салуды әдет қылғандар, енді мұның ерсі қылық екенін түсінді. Мақсаты – қаланың тазалығына үлес қосу ғана емес, жалпы өзін көшеде ұстау мәдениетін тұтас бір буын ұрпақтың санасына сіңіру. Соңғы кездері қалтасына немсе тамыр-танысына сеніп, автокөліктерде қауіпсіздік белдігін тақпай, ішімдік ішіп көлік айдап жүруді «крутойлықтың» белгісі санайтындарды тәртіпке салу мақсатында, ішкі істер басқармасымен бірігіп жасалған рейдтік «Дабыл, дабыл» хабарының арқасында қоғамдағы осы бұрыс пікір өзгерді.  Ал, қоғамды  бауырмалдыққа, қайырымдылыққа шақыратын бағыттағы жобалар ретінде «Асар», «Көмек командасы», «Үміт сәулесі» хабарларын айтуға болады. 2012 жылы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы  «Асар» реалити бағдарламасы Қазақстан телевидениесіндегі  «Ең креативті жоба» атағын иеленді.

Арнада әр түрлі жас категорияларына түрлі акциялар, арнайы жобалар жиі ұйымдастырылып тұрады. Олардың арасынан көрермендер асыға күтетін: «Үлгілі аула», «Ең көп балалы отбасы», «Ең жасы үлкен тұрғын», «Дәстүр жалғастырушы», жас отбасыларға арналған «Жарасымды жұп», Грузия және Армения шипажайларына тікелей эфирде жолдамалар ойнатылған – «Жеңісті сәт» және «Лови удачу» акциялары, «Атаба» супермаркеттер желісімен бірігіп өткізген «Миллион ұтып ал» т. б. акцияларын атауға болады.

Тоқсан қортындысы бойынша телеарна үздіктерін Грузия, Сарыағаш т.б. шипажайларға демалысқа жіберіп отыру үрдісі қалыптасты.  Сонымен қатар үздік қызметкерлерге спортзалдарға абонементтер беріледі.

Телерна үшін 2012-2015 жылдар  бір үлкен даму кезеңі болды. Көрермендер алдында телеарна беделі артты, эфирге тың дүниелер көптеп шықты, эфирдегі өз өнімдеріміздің үлесі еселеп артты.

Техникалық жағынан да жетістіктер баршылық.  Бұл арада бас инженер – Сапарбай Нарымбетовтың еңбегін ерекше атып өтуге болады. Камералар толықтай заманауи үлгілерге жаңартылып, түсірілім сапасы едәуір артты. Аймақтық телеарналар арасында бірінші болып,  2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, телеарнаның барлық аппараттық студиялық кешенінің, шағын жылжымалы телестанцияның, жаңалықтар студиясының камералары 16:9 форматына ауыстырылды.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап АСБ-1 толығымен  HD/SD форматына өтті.

2015 жылдың қаңтарында, ішкі өндіріс жұмысын автоматтандыру үшін, «Синэджи» жүйесіне өттік. АСБ-2 және эфирлік аппараттық кешен толығымен HD/SD форматына ауыстырылды.

2016 жылдың басынан бастап  үлкен студияға Виртуалдық студия (Tricaster-460) орнатылды. Ал, /Виртуалдық студия – (Datavideo-VS1000)/ жаңалықтар студиясына пайдалану жоспарланып отыр.

Эфирлік сигналды таратушы – «Казтелерадио» АҚ дейін оптика-талшықты желі тартылып, толықтай сандық жүйеге көштік. Нәтижесінде, эфирдің сапасы еселеп артты. Бейнеархивтің өзін жаңа сатыға шығарып, қажетті материалдардың сапасын жоғалтпай серверде сақтайтын болдық. Мұның бәрі теларна қаражаты есебінен және арнаның техникалық  қызметкерлерінің өз күшімен жүзеге асырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде телеарнаға бөлінетін бюджеттен миллиондаған теңге қаржы үнемделді.

Телеарнаның техникалық жарақтандырылуы аймақтық, республикалық бірнеше телекөпірлерге қатысуға және жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді. «Қазақстан Ақтаудың»  әлі күнге бірде-бір аймақтық арна тәжірибесінде болмаған бір үлкен жетістігі – облыстың барлық қала-аудандарның қатысуымен тікелей эфирде телекөпір жасау әдісі.  Облыс әкімінің халық алдында есеп беру  кездесулерін осындай телекөпір форматында өткізіп жүрміз.

Жастарды тәрбиелеу – кино арқылы. 2015 жылы телеарна күшімен толықметражды «Бумеранг» көркем фильмі түсірілді. Қаражатсыз, өз күшімізбен түсіріп, облыстың барлық кинотетрларында көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14