ШҰҒЫЛ! "Көктемнің" тұрғындары тоңып отыр Толығырақ

Айман Нұрмағанбет Оңғарбайқызы

1991 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында №5 М.В.Ломоносов атындағы орта мектепте білім алды. 2008-2012 жылдар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Кино, ТВ және өнертану» факультетінде білім алып, үздік дипломмен тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы республикалық «СТВ» телеарнасында редактор - тележүргізуші болып бастаған. 

2014-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ, Радиохабар тарату дирекциясы, Қазақ радиосының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болды.

2017 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ МОФ жаңалықтар бөлімінде редактор-жүргізуші болып жұмыс істейді.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.         

«Армия генералы» С.Қ.Нұрмағамбетов медалімен марапатталған.

«JAS TULPAR - 2018» Маңғыстау облыстық жастар премиясының «Үздік жас журналист» номинациясының жеңімпазы.

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің, мемлекеттік департаменттердің, салалық басқармалардың Алғыс хаттарымен марапатталған.