ШҰҒЫЛ! Дәулет ауылында 320 адам жұмысқа орналасқан Толығырақ

Әсем Сартбаева

Сартбаева Әсем Бахытқызы 1995 жылы 14 қазанда Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2002-2011 жылдар аралығында орта білім алып, «Мирас» көпбейінді мектеп-лицейін «Үздік» аяқтады.  

2011-2015 жылдар аралығында Маңғыстау гуманитарлық колледжінде білім алды. Ағылшын және қазақ тілі пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша 4 курс студенті.

Мәскеу экономикалық институтының Заң факультеті «Азаматтық құқық» мамандығы бойынша  4 курс студенті.

2013 жылдан бері  «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының редактор-жүргізушісі.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің, мемлекеттік департаменттердің, салалық басқармалардың Алғыс хат, дипломдарымен марапатталған. Қалалық, облыстық «Үздік жас журналист» байқауларының жеңімпазы.