ШҰҒЫЛ! Қазақстанда жаңа президент Толығырақ

Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. Мамандығы – журналист.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің тілшісі және ҚР ІІМ «Сақшы» салалық газетінің штаттан тыс тілшісі ретінде бастаған.

2003-2005 жылдары - «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығының тілшісі, кейіннен жауапты хатшысы, мұнан соң Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болды.

2005-2007 жылдары «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі бола жүріп, Ақтау қалалық «Тумба» газетінен қазақша беттер ашты, редакторлық етті.

2007-2008 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болды.

2008-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас маман, сарапшы болып қызмет етті.

2012 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары - Бас редакторы.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Жәмек Оспанов атындағы арнайы телевизиялық сыйлықтың иегері.

«Ақтау қаласына 50 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Қазақ телевизиясына 60 жыл», «Ақтау қаласына 55 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған.

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің, мемлекеттік департаменттердің, салалық басқармалардың Алғыс хаттарымен марапатталған.   

Тұрмыс құрған. Үш баланың анасы.