ШҰҒЫЛ! Қаламқас кен орнына арнайы техника әкелінеді Толығырақ

Қуаналиева Лаура Айтқожақызы

Лаура Айтқожақызы 2001 Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетін үздік дипломмен журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

1988 жылы Атыраудағы Музыкалық училищені скрипка мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Атырау облысы Махамбет ауданы Жанбай селосының музыка мектебінде балаларға скрипка мамандығы бойынша сабақ береді.

1989 жылы Атыраудағы облыстық радиода және филармонияда еңбек еткен.

1992-1994 жылдары Атырау облыстық телерадиосында редактор-жүргізуші болады.

1994 жылы Алматыдағы Республикалық «Жас Алаш» газетінде тілші қызметін атқарады.

1995 – Алматыда ҚР Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасында редактор болып жұмыс істеді.

1995-2003 жылдары Қазақ радиосының музыка бөлімінің аға-редакторы болды.

2003-2010 жылдары (бұрынғы «ЭРА» телеарнасы «Руханият» атты бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі) «7-телеарнаның» бағдарламалар бөлімінің редакторы болды.

2013-2018 жылдары Астанада АҚ «Хабар» агенттігінің бағдарламалар бөлімінде қызмет атқарып келді.

2018 жылдың 25 мамыр айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы.