ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Медиева Маржан Төкенқызы

1966 жылы 01 шілдеде Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған селосында дүниеге келген.

1973-1983 жылдары Ұштаған селосы В.И. Ленин атындағы орта мектепте білім алды.

1986-1990 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтын, драма театр және кино актері мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1991-1992 жылы Павлодар музыкалық драма театрының әртісі.

1992-1993 жылы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етті.

1993 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ диктор, редактор, редактор-коориспондент, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ-ның «Телебағдарламалар дайындау бойынша шығармашылық қызметі» бөлімінің шеф-редакторы.