1961 жылы 7 тамызда Өзбекістан Республикасы, Нөкіс ауданында дүниеге келген.
1968-1978 жылдары Нөкіс ауданының №9 орта мектебінде білім алған.
Мектепті бітіргеннен кейін Нөкіс ауданындағы "Коммунизм" совхозында құрылыс бригадасында ағаш ұстасы болып жұмыс жасаған.
1980-1982 жылдары КСРО армиясында әскери қызмет атқарған.
1982-1988 жылдары Ташкент қаласындағы электротехникалық байланыс институтын, РС, РВ, ТВ мамандығы бойынша бітірген.
1988-1999 жылдары Нөкіс телерадио орталығында инженер, жетекші маман болып қызмет атқарған.
1999 жылы Цех бастығы болып тағайындалған.
2003 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан» РТРК» ЖАҚ – жетекші маман.
2004 жылдың шілде айынан"Қазақстан" РТРК АҚ Маңғыстау облыстық филиалында бас инженер болып қызмет атқарып келеді.