ШҰҒЫЛ! Дүкенге қарақшылық жабуыл жасалды Толығырақ

Сатенбаева Индира Жазыкбаевна

Индира Сатенбаева 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Жаңаөзен кәсіптік лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Осы мекемеде мамандар бөлімінің меңгерушісі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2016 жылы Жаңаөзен корпунктінде редактор-жүргізуші болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап "Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор-тілші болып жұмыс істейді.