ШҰҒЫЛ! Ақын Е. Раушановтың шығармашылық кеші Толығырақ

Маңғыстау жұлдыздары жарқырады

21:11, 20 сәуір 2017

Бүгін "Маңғыстау жұлдыздары" фестивалінің Мұнайлы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Өңір өнерін таныту мақсатында ұйымдастырылған шара осымен оныншы рет өтіп отыр.

"Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың" тақырыбындағы концерттік кешке аймақтың өнертанушылары мен мәдениет қайраткерлері қазылық етті. Жаңа есімдер мен тың шығармаларды анықтайтын шара осыдан он екі жыл бұрын басталған. Бүгінде бүкілқазақстандық сипат алып келеді.

Мұнайлы мәдениет үйінде 400 жүйріктен озып шыққан 190 өнерпаз көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Еш жерде шырқалмаған әндер орындалып, көптің көңілін сергітті. Фестивальдің мақсаты да сол - жаңа есімдерді шығару, тың туындылармен таныстыру.

Маргарита Омарова - "Маңғыстау" мәдениет үйінің директоры

Бұл "Маңғыстау жұлдыздары" деген - жаңа есімдерді шығару, жаңашылдықты беру, жаңа мамандарды тәрбиелеуге керек. Біз осының аясында "Мұнайлы жұлдыздарын" өткіздік. Он алты жастан жоғары 400 адам қатысты. Әр номинация бойынша таңдап алдық.

Сілтідей тынған залда масаның ызыңы да естілген жоқ. Себебі, құйқылжыған дауыс, әуелеген әуен жұртшылықтың жүрегіне жетті. Жас орындаушылар мен жас композиторлар фестивальді  үлкен мүмкіндік ретінде қарастырады.

Хамит Байқұлов - композитор

Мен өзім мәдениет үйінде жас маман болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі додаға өзімнің әнімді орындаймын. Бекзат Қосайдың сөзіне жазылған патриоттық әнім бар.

Фестиваль аясында "Экспо-2017" шарасына арналған қолөнер көрмесі өтті. Онда жас таланттардың көркемөнер туындылары да қойылды. Туған жер, отан тақырыбындағы бұйымдарды жиналған жұртшылық қызығушылықпен тамашалады. Қазылар алқасы  өңірдің өнер майталмандары мен мәдениет қызметкерлерінен құралды. Алда, бүкіл Маңғыстау облысынан іріктелген өнерлілер додасы өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Рухты асқақтатып, көңілді көтерген кеш
19:31, 27 шілде 2017
Рухты асқақтатып, көңілді көтерген кеш
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар