Экономика жаңалықтары

Былтыр Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобильмен жүк тасымалы ---15 пайызға ұлғайып, 5400 тоннаға жетті. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста--- Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.Сонда қандай жүктер тасымалданады? Негізгі тасымалданатын жүктер --- құрал жабдықтар, қара және түсті металл, ағаш және одан жасалатын бұйымдар.

21:27, 17 наурыз 2017   306

Автомобильмен жүк тасымалы ұлғайды

Енді екі елге алмасу квотасы беріледі. Екі жақты және транзитті тасымалдар --рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады. Ал үшінші елдерге тасымал--- рұқсат беру негізінде жүргізіледі. Сербия аумағы арқылы транзитпен ---Оңтүстік Еуропа елдеріне, атап айтсақ Греция, Хорватия, Болгария сынды мемлекеттерге шығамыз. Сондықтан да бұл өте тиімді дейді мамандар. Рұқсат мерзімі 5 жылға беріледі.

Жеңіс Қасымбек - ҚР инвестициялар және даму министрі

(Бүгінгі күні халықаралық қатынасты 8 миллион 600 тонна құрайды, оның 46 пайызы біздің)

Қазақстандықтар қатты үнемдей бастады

Қазақстандықтардың 75 пайызы қазір қаражатын шашуға ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл туралы сарапшылар мәлімдеді.Жүргізілген зерттеу нәтижесінде елдегі тұрғындардың 74 пайызы үнемдеуге көшкені белгілі болған. Оның 58 пайызы киім-кешектерді аз сатып алса, 51 пайызы үйден тыс аумақта көңіл-көтеруге және 41 пайызы еңбек демалысына кететін ақшасын үнемдей бастаған.Бірақ, көпшілік смартфон, теледидар өзге де техникаларға қаражат жұмсауын доғармапты.  Демек, біздің халық арзан киінсе де, қымбат телефоннан бас тартуға әлі дайын емес. Тіпті қазақстандықтар, бұрын көп шығындалатын балалар тауарларына да шектеу қойған деген пікірде. Ел азаматтарының 28 пайызы табысының бір бөлігімен кредитін жауып, артылғанын депозитте сақтайды. Мамандардың айтуынша, ешқандай әрекет жасалмаса, елдің сатып алу мүмкіндігі бұдан әрі нашарлай бермек.

Артылған электр энергия шетелге сатылуы мүмкін 

Қазақстанда электр энергиясын шығаратын ұйымдарға артық энергияны сырт мемлекеттерге сатуға рұқсат беру жайы қарастырылуда. Бұл туралы  Парламент Мәжілісінде "Энергетика мәселелері туралы" заң жобасын талқылауға арналған жиында мәлім болды.Электр энергиясына шекті тарифтер енгізілгеннен бері 7 жыл ішінде көп іс атқарылды. Салаға триллион теңгеге тарта инвестиция салынды. Қазір Қазақстанда 20 мың мегаватт қуаттылық тіркелсе, оның ішінде 3 мың мегаватт электр энергиясы профицит болып саналуда. Бұл көрсеткіш 2026-2027 жылдарға дейін сақталады. Мамандар электр энергиясын Қазақстаннан тыс мемлекеттерге Еліміздің тұтынушылары сатып алатын бағадан кем емес деңгейде сатуға құқылы -деп түсіндірді.

Ұлттық валюта нығая түсуде

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 314,95 теңгеге тең болды. Еске салайық, 15 наурыздағы күндізгі саудада доллар бағамы 317,99 теңге болған еді. Максималдық құны - 315,80 теңге болды, ал минималдық құны - 314,30 теңге. Сауданың жалпы көлемі 153 млн 700 мың долларға жетті. Ал, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 51,13 доллар болды.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14