ШҰҒЫЛ! Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды Толығырақ

Экономика жаңалықтары

19:15, 14 шілде 2017

«Kazakh invest» компаниясы құрылған 100 күн ішінде елімізге құны 10 млрд долларға тақау инвесторларды тартқан. Бұл туралы бүгін компанияның басқарма төрағасы Мақсат Кабашев арнайы мәлім етті. Гүлайна, аталмыш компания нақты қашан қашан іске қосылған еді?

 

1 сәуір тұсауы кесілген компания аз уақытта 32 ірі инвестормен келісімге келіп үлгерген. Осы және өзге де экономика жаңалықтары сәлден соң...

Қазақстан инвестиция құюға қолайлы ел

Қазіргі уақытта оларға жер алып беру, құжатын реттеу секілді жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Түрлі деңгейдегі 90-кездесу өткізген. Компания жыл соңына дейін шет мемлекеттердегі өкілдіктер санын 7-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Мақсат Кабашев - «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы

Біз бүгінгі таңда Қытай, АҚШ, Түркия және Ресейде өкілдіктеріміз бар. Әр өкілдіктер 2 адамнан жұмыс істеп жатыр. Қыркүйек айынан бастап Германия, Франция және БАӘ өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз

Көкөніс бір айда 40-80% қымбаттады

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті. Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, маусымның соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7 пайызға ұлғайған. Биыл пияз - 81 пайызға, картоп - 75 пайызға, қырыққабат - 61 пайызға, сәбіз - 38, сиыр еті - 11 пайызға өскені байқалады.  Азық-түлік бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. Мәселен, әр жылдың екінші тоқсанында тұрақтандыру қорлары азая бастайды. Ал жаңа өнімнің бағасы қымбат болады. Бұдан бөлек, биыл пияз, картоп, қырыққабат сияқты азық-түлік өнімдерін Өзбекстанға экспорттау көлемі ұлғайып кеткен.

Қазақстан электр энергиясын Қытай, Пәкістан, Ауғанстанға экспорттамақ

Қазақстан өз электр энергиясын Қытай, Пәкістан және Ауғанстанға экспорттау мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қазақстан бірнеше жыл бойы электр энергиясын жеткізу мүмкіндіктерін зерттеп келеді. Мәселен, Қытайда электр қуатын тұтыну көлемі артып келе жатқаны байқалған. Сондықтан болашақта энергияны экспорттауға мүмкіндік бар. Қазақстанның электр энергиясын Орталық Азияға экспорттау лайықты болады. Сонымен қатар Ауғанстан мен Пәкістанның бағытына қарай энергияны өткізу жүйесінің дамуы үдерісіне де назар аударған жөн. Қазіргі уақытта Қазақстан электр қуатын Ресейге экспорттап жатыр.

Ұлттық валюта нығайды

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 325,85 теңгеге тең болды. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 327,35 теңге.

АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс - 326,80, сауданың аяқталуы кезінде 325,81 тг болды. Ал Брент маркалы мұнай құны 0,32 пайызға қымбаттап, 47,03 долларға саудаланды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...