ШҰҒЫЛ! "Каспий" ФК жеңіске жетті Толығырақ

Аудан және ауыл әкімдері есеп берді

17:33, 14 қаңтар 2016

Облысымызда аудан, қала және ауыл әкімдерінің жергілікті халық алдында есеп беру науқаны басталды. Бүгін Мұнайлы ауданы тұрғындары алдында аудан әкімімен Атамекен селолық округінің басшысы тұрғындарға есеп берді. Олар, ауылдастарының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларымен таныстырды. Кездесуде, тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қазір Мұнайлы ауданында 136 мыңнан астам тұрғын бар. Өткен жылы жас ауданда әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүргізілген. Өндіріс ошақтары 60 млн-ға жуық теңгенің өнімін шығарды. Жалпы көлемі 118 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілген. Көпшілікті осындай былтырғы жылдың жетістіктерімен таныстырған аудан басшысы, өткен жылғы есеп беру кезіндегі халықтың ұсынысы орындалғанын да атап өтті.

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі

Ауданда 583 жаңа жұмыс орыны ашылған. Десе де, жұмыссыздық бойынша тіркелген адамдар саны өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты. Осы олқылықты жою мақсатында аудан әкімі әлі де жұмыстану қажеттігін атап өтті. Кездесуде Атамекен ауылының тұрғындары көкейтесті сұрақтарын қойды. Сауалдардың көбісі, жауын жауса балшыққа айналатын ауыл ішілік жолдарға қатысты болды. 

Жалғасбай Мұратов - Атамекен ауылдық округінің тұрғыны

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі

Атамекен селолық округінің әкімі де тұрғындар алдында есеп берді. Мұнда бүгінде 37 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Былтыр 1 мектеп пен 2 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша іске қосылды. Ауылда мәселе жоқ емес. Мәселен, Арай тұрғын үй массивінде 7 көше бар, ал өтетін жол біреу-ақ. Оның өзі айналмалы екен.

Алтынбай Абдрахманов - Атамекен ауылдық округінің тұрғыны

Махмуд Қалжанов - Атамекен ауылдық округінің әкімі

Осы ретте, аудан әкімі мәселенің шешімін табудың жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі

Кездесу соңында аудан басшысы ауыл әкіміне алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, Елбасы жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

17:46, 14 қаңтар 2016
Қала-аудандарға жергілікті полиция қызметінің басшылары таға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" енді
20:37, 18 қараша 2020
Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" ен...
Толығырақ...
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
20:44, 19 қараша 2020
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
Толығырақ...
1609 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды
20:04, 20 қараша 2020
1609 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Толығырақ...