ШҰҒЫЛ! "Каспий" ФК жеңіске жетті Толығырақ

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру - заман талабы

13:14, 3 желтоқсан 2015

Қазіргі заманның талабы-кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Осы бағытта арнайы орган жұмыстанып жатыр. Соңғы 11 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 170 іс тіркеліп, 20 млн теңгеден астам қаржы бюджетке өндірілген. Ал қылмыстық істер бойынша 90 млн теңгеге жуық қаражат шығыны қайтарылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде мәлім болды.

Пара бопсалаудан басқа мемлекеттік қызметкерлердің халықпен қарым-қатынасы да жіті назарда. Аймақтағы әр саланың белді өкілінен құралған тәртіптік кеңесте арыз-шағым мәселелері талқыланады. 11 ай бойынша 11 жиын өтіп, 111 сұрақ қаралып шықты.

Мақсұт Нәлібаев - ҚР мемлекеттік қызмет істері және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің МО департаменті басшысы

47 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның 20-сы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін. 27-сі мемлекеттік қызмет және этика нормаларын бұзғандары үшін. Жыл басынан бері әкімдер мен мемлекеттік мекеме басшыларына 101 заң бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, нәтижесінде 121 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлерге арналған байқау сынға ілігіп жүр. Бұл бойынша 6 лауазымды тұлға конкурс өткізу тәртібін бұзған. Оларға 400 мың теңгеге жуық айып пұл салынды. Сондай-ақ Мақсұт Нәлібаев халық құжат дайындау барысында сыбайлас жемқорлыққа ұрынады деді.    

Мақсұт нәлібаев - ҚР мемлекеттік қызмет істері және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің МО департаменті басшысы

Ал қай жерде? Регламенттен ауытқу бар. Уақытын сөзбұйдаға салу. Жұмысын сапасыз орындау, одан қала берді рәсімделмеген басқа да бір құжаттарды талап ету. Осы сыбайлас жемқорлықтың белгілерін орындайды. Әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа бой алдыруға бет бұрады.

Мемлекеттік қызметкердің мәртебесін көтеру мен кәсібилігін шыңдау басты талапқа айналып отыр. Себебі жергілікті басқару қызметі арқылы стратегиялық даму да жолға қойылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

17:46, 14 қаңтар 2016
Қала-аудандарға жергілікті полиция қызметінің басшылары таға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" енді
20:37, 18 қараша 2020
Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" ен...
Толығырақ...
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
20:44, 19 қараша 2020
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
Толығырақ...
1609 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды
20:04, 20 қараша 2020
1609 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Толығырақ...