ШҰҒЫЛ! "Каспий" ФК жеңіске жетті Толығырақ

Жолдауды орындау - басты міндет

13:06, 3 желтоқсан 2015

Бүгін аймақ басшысы Алик Айдарбаев облыс активін жинап, Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға жауапты адамдарды белгіледі. Барынша ауқымды өткен жиында әкім стратегиялық жоспардағы негізгі тапсырмалар бойынша іске кірісуді шегелеп тұрып айтты.

Алдымен аймақ басшысы облыстың он айдағы әлеуметтік-эконмикалық даму көрсеткіштерін санамалап шықты. Өңірде жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдері 1,3 трлн теңге болған. Өткен жылғыдан 4,2 пайызға төмен. Негізгі капиталдарға салынған инвестиция мөлшері болса, 28 пайызға түскен. Онда да, әлемдік дағдарыстың әсерінен. Бірақ басқа салаларда оң динамика бар.

 

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Құрылыс жұмыстарының ауқымы 2 пайызға артқан. 144 миллиард теңге болған.

536 мың шаршы метр тұрғын-үй салынып,өткен жылғыдан 7 пайызға артқан.

Биыл ауыл шаруашылығында алға жылжу бар. Жалпы өнім 9,3 млрд теңгеге жетті. Өсімнің арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер негізсіз қымбаттаған жоқ.   Бір қуантарлығы, шағын және орта бизнес субъектілері 4 мыңға артқан. Нәтижесінде,104 мың адам жұмысқа орналасқан. Ал ірі кәсіптерді іске асыратын  83 жоба мақұлданыпты. 38 бизнес жобаға Ұлттық қор арқылы 7,5 млрд теңге берілген. Ауқымды компаниялар мен өндіріс ошақтары тұрған аймақтан республиканың күтері көп деді,-әкім

 

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Елбасының біздің өңірге артқан сенімін ақтап,тапсырмасын орындау үшін өз орынбасарларым мен аудан және қала әкімдеріне бірқатар тапсырмаларды міндеттеймін. Өңірдің қазіргі тұрақты дамуын жоғалтып алмас үшін,бюджеттік шығындарды дұрыстап жоспарлау керек.

Индустриалды-инновциялық даму бағдарламасы аясында жоспарланған 12 жобаның жетеуі іске қосылды. Оған қоса,өлкенің иек артып отырған 4 маңызды инфрақұрылымдық жобасы бар. бұл жобалардың орындалуы әкімдік тарапынан қатаң бақылауда болмақ.

 

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Осы ретте Сүйіндік Алдашев пен Рахымбек Әміржановқа ұлттық компаниялавр мен қаржды институттарын тарта отырып,мемлекеттік бағдарлама аясындағы барлық жобаларды бақылауды тапсырамын.

Елбасы айтқандай үнемдей білуіміз керек деді, аймақ басшысы. Мұнай кәсіпшіліктерінің  арқасында келер жылдың бюджеті де тұрақты болады деген үміт бар. Ал бюджеттік ресурстарға шектеу болса,мелекеттік-жекеменшіктік серіктестікті механизмін қолдану керек. 

 

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Жолдаудағы тағы бір бағыт ол мүлікті жария ету. Тағы бір жылға созылды. Әзірге тек 484 қана арыз түскен. Оның өзі Ақтау қаласы мен мұнайлы ауданынан. Сонда басқа әкімдер не бітіріп отыр.

Табиғи және миграциялық өсім жоғарғы өңірде әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Он айда 4 мектеп,39 мектепке дейінгі орталық ашылған. Енді ана мен бала орталығы, екі спорттық кешен салынуда. Жуырда теннистік орталық ашылады. Жолдаудағы жақсы жаңалық бюджет қызметкерлерінің жалақысының жоғарылауы.

Қуаныш Балжанов  - мемлекеттік қызметкер

Марат Себасов -" Қаражанбасмұнай" АҚ әлеуметтік мәселелер департаментінің басшысы

Аймақ активінің басын қосқан отырыста әкім басқарма басшылары  мен жауапты шенеуніктерге нақты тапсырмалар берді. Ортақ мақсатқа жету үшін тұрақты мониторинг жүргізуді де тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

17:46, 14 қаңтар 2016
Қала-аудандарға жергілікті полиция қызметінің басшылары таға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" енді
20:37, 18 қараша 2020
Мұнайлылық дәрігердің есімі "Қазақстанның алтын кітабына" ен...
Толығырақ...
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
20:44, 19 қараша 2020
Ет өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталды
Толығырақ...
1609 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды
20:04, 20 қараша 2020
1609 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Толығырақ...