
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыста 1609 көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Екі күн бойы тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының артуына себеп болатын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын тоқтау қойды. Полицейлер профилактика барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына да айрықша назар аударды. Сондай -ақ облыстық, республикалық маңызы бар жолдарда патрульдік полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасады.