
Ақтаулық алғыр бала 200-ге жуық әлем елдерінің астанасын жатқа біледі. Оның елгезектігі 2 жасында байқалған. 7 жасар жеткіншек дүние жүзінің картасынан елдерді лезде тауып көрсетеді. Ол мұның бәрін карантин кезінде жаттап алыпты. Бұған бас-аяғы 2 ай уақыт кеткен. 4 жасында әріп таныған зейінді бала биыл екінші сыныпты үздік бітірмек.