ШҰҒЫЛ! Ақын Е. Раушановтың шығармашылық кеші Толығырақ

75 ескерткішке реставрация жүргізілген

19:37, 9 тамыз 2017

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Өңірдегі тарихи- мәдени мұраларды қорғау бойынша жұмыстар 2006 жылдан бері кең көлемді жүргізіліп келеді. Ол жұмыстар қатарында ескерткіштерді қоршау , қорғау, тақталары мен жол сілтегіштерді жаңалау бар. Міне осы істердің бірінші кезеңі аяқталып екінші кезеңге аяқ басып отыр.

Сонымен қатар мемлекет қарауындағы  16 ескерткіштің қорғау аймағы жасақталған. Биылғы жылы да дәл солай  22 ескерткіштің жобасы әзірленуде. Бұл жұмыстар аясында ескерткіш аумағын қорғау, төрт жағынан ескерткіш атауы мен ауданы көрсетілген тақта орнатылады. Сондай-ақ,  өткен жылы облыстық тарихи - мәдени қорық 9 рет экспедицияға шығып 36 тарихи мәдени мұра обектісі анықталған. 77 ескерткіштің техникалық жағдайы тексерілсе, 75 үлкенді -кішілі ескерткішке ғылыми реставрация жұмыстары жүргізілген.

Пания Сармурзина - МО мәдениет басқармасы басшысының м.а

Биыл республикалық бюджеттен Ескі Бейнеу, Сисем ата қорымдарына реставрация жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдағы уақытта реставрация жұмыстарын жүргізу үшін Көкімбет күмбез тамына , Жолжан қорымына , көкімбет күмбез тамы ескерткіштері бойынша ғылыми жобалау құжаттары жасақталды.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
20:56, 23 қазан 2017
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар