
Елімізде ауаны шамадан тыс ластайтын көліктерге салынатын айыппұл мөлшері көбейеді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сәйкес, жаңа ереже шілде айында күшіне енгізілмек. Заңға сәйкес, зиянды заттардың мөлшері белгiленген нормативтен асса, жеке көлік иесі 10 айлық есептік көрсеткіш яғни, 29170 теңге, ал заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш, 291 мың 700 теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ, заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса - жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады.