Ақкетікте ардагерлер үйі ашылды

Бүгін Форт Шевченко қаласының орталығында алғаш рет ардагерлер үйі ашылды. Енді олар жаңа ғимаратта келелі мәселелерді талқылап, халықтың тілегін билікке жеткізеді. Ауданның ақсақалдары жастарға өнеге болар шараларды осында өткізетін болды. Жаңа ғимаратта ардагерлердің бас қосып, жиын өткізуіне, тынығып, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған.

21:27, 17 наурыз 2017   451

Ардагерлер үйі - қарттардың жиі бас қосуына тиімді орын. Бос уақыттарын осында өткізіп, өзара пікір алысады. Сондай-ақ, маңызды мәселелерді бірлесе шешіп, түйткілдерді бірге талқылайды. Салиқалы әңгімелерін айтып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалысын қадағалайды. Халықтың тілегін билікке жеткізіп, өнегелі тәрбиені жастарға насихаттауға атсалысады.

Серікбай Төлетов - МО ардагерлер кеңесінің төрағасы

Облыста 45 мың ардагер бар. Олардың 41 -і соғыс ардагері. Осындай ғимараттар біртіндеп салынып жатыр. Мысалға, Шетпеде, Жаңаөзенде ардагерлер үйлері берілген.

Ауданда жалғыз соғыс ардагері қалған. 125 тыл ардагері бар. Олардың ең үлкені 92 жаста, ең жасы 65 жаста. Осы жаңалықты жиырма жылдан бері күткен. Бәрі де "ардагерлер кеңесінің" белсенді мүшелері. Жақында ғана дойбы мен бильярдтан жарысқа қатысып, жүлделі келген. Бүгін олар жастарға өнеге көрсетіп, ағаш екті.

Аманғали Күзенбаев - Түпқараған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ардагерлеріміздің ең жақсы жұмыс жасайтын кезеңі - 70 пен 80-нің арасы ғой. Ардагерлеріміз мықты әлі. 92-ге келген шалдарымыз бар. Ардагерлер мойымайды.

Мұнда медициналық кабинет, дойбы ойнайтын, газет оқитын бөлме мен мәжіліс залы бар. Ғимаратта ардагерлердің еркін жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14