Ақтау жолдарындағы жүгенсіздер

Жүгенсіз жүргізушілер қалада қаптап кетті. Олар жол ережесін өрескел бұзып, өзгелерге кедергі келтіреді. Бұдан бөлек жол апатын тудыртатындар да бар. Осындай бірнеше жағдайды кездейсоқ куәгер ұялы телефонға түсіріп, редакциямызға жолдады. "Мобильді репортер" айдарының бүгінгі кейіпкерлері туралы Жасұлан Мұқан айтып береді.

22:08, 17 шілде 2017   436

"Мобильді репортер" айдарына жолданған бейненің шегі жоқ. Бүгінгі кейіпкерлеріміз - жол ережесін өрескел бұзғандар. Мына бейнеде ауыр жүк көлігі мен мерседес солға бұрылу бағытына түскенмен, тіке кетіп қалды. Осылайша жол кептелісіне себеп болды.

Автобустардың адамдарды тиеп алып, жарысқанын осыдан бұрын көрсеткен едік. Бүгін кезек жеңіл көліктерге тиіпті. Бір-бірінен оза шауып, жол бергісі жоқ. Апат айтып келмейді, біреу майып болса, кім жауап берері белгісіз?

Мамандардың айтуынша, апаттың көпшілігі жылдамдықты асырғаннан болады. Статистика комитетінің мәлімет бойынша, 2017 жылдың жарты жылдығында 7 127 апат болып, 9992 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 738 адам мерт болған.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14