ШҰҒЫЛ! "Бастау-Бизнес" жобасы аясында 1056 адам оқытылады Толығырақ

Ақтауда экскурсиялық серуендеу туры ашылады

21:41, 10 тамыз 2017

Ақмаржан Ақтаудың тамаша көрінісін теңізден бақылауға мүмкіндік туды. Жуырда Ақтауда экскурсиялық серуендеу туры ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтары катамаранмен 1 сағат бойы теңізде серуендей алады. Жаңа қызмет түрін "Даму" қорының ұйымдастыруымен өткен пресс турда, жергілікті журналистер сынап көрді.

Экскурсиялық серуендеуге 2 катамаран дайын тұр. Әр қайсысы 40 орындық. Жолаушыларға ыңғайлы және Каспийдің толқынына төзімді су кемелері арнайы тапсырыспен Тайландта жасақталған. Кәсіпкер жаңа қызметті жүзеге асыру үшін, Даму қоры арқылы мемлекеттен көмек алды. Жоба құны 80 млн теңге.     

Сергей Ворожейкин - кәсіпкер

Серуендеу кезінде тұрғындар мен туристерге осы өңірдің, Ақтау қаласының және Каспий теңізінің тарихынан мағлұматтар беріледі. Музыка ойнап тұрады. Біздің қаланың көркі кешкі және күндізгі мезгілде ерекшелене түседі. Міне, сол сұлулықты көптеген тұрғын әлі көре қойған жоқ деп ойлаймын. /

Су кемесінің капитаны мен матросы дайындықтан өткен. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, құтқару белдемшесі мен шеңбер беріледі.  

Жанар Ермаханбетова - "Даму" қорының мо бойынша аймақтық филиалының бас менеджері

Осындай мүмкіндік пайда болғанына мен өте қуаныштымын. Кемеде серуендеу өте әсерлі болады екен. Енді кез-келген тұрғын теңізге шығып, қаланы сыртынан көре алады. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай.

Ақтаулықтар экскурсиялық серуендеуге 15-інші тамыздан бастап шыға алады. Қазір 7 шағын аудан жағалауында катамаран аялдайтын айлақтың құрылысы аяқталып қалды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
19:39, 18 сәуір 2018
Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
Толығырақ...