ШҰҒЫЛ! Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан Толығырақ

Ақтауда ішімдік ішіп көлік айдау азаяр емес

21:04, 12 қыркүйек 2017

Ақтау қаласында ішімдік ішіп көлік басқаратындардың қарасы азаяр емес.

Бүгін де жол сақшылары өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіріп жүрген мас жүргізушіні ұстады. Қырағы көздің назарына түскен жүргізуші туралы толығырақ әріптесім Жасұлан Мұқан тарқатсын.

Түн ортасында қаладағы басты көшелердің бірінде мына бір қара түсті тойота автокөлігі кезікті.  Жүргізуші темір тұлпарының жарық шамын да жақпаған. Бірден камераның объективіне ілінді. Жол сақшылары жүргізушіні тоқтатты.

Жүргізуші өз айыбын  мойындамайтын секілді. Қарсылық танытып, жол сақшысына шүйлікті.  Сәлден соң камераны көрген ол, сабасына түсті. Құжаттарын көрсетті. ¤

Жүргізушінің көлік басқару куәлігі жоқ екен. Үйге тастап кеттім",- деп ақталды. Жіберуін өтінді. Алайда заң бәріне ортақ. Жүргізушінің заңды белшесінен басқаны былай тұрсын, жол сақшылары алкагольдік ішімдіктің иісі сезілді. Дереу нарколог мамандардың көмегіне жүгіндік.

Мас жүргізуші өзін бастапқыда мемлекеттік қызметкермін деп таныстырды. Әкімшілік хаттамаға қол қоймай, жол сақшыларына қыр көрсетті.  Қызметтік куәлігін жасырын көрсеткісі болып әлек болды. Алайда, қай әкімдікте қызмет ететінін біле алмадық. Бізге жауап бермегенмен, сотта жауап беретін болады.  Оның көлігі айыптұраққа жабылып, жүргізушіге айыппұл салынды.

Тақырып бойынша материалдар

Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
20:31, 25 қыркүйек 2017
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
Толығырақ...
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
20:31, 25 қыркүйек 2017
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
18:53, 22 қыркүйек 2017
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
Толығырақ...
Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...