Ауыл азаматтары Елбасы мақаласын қолдайды

Тарих ғылымының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Ақшұқыр елді мекенінде болды. Ол аудан әкімі бастаған ауыл ақсақалдары мен мектеп ұжымы және оқушылармен кездесті. Жиынға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқау болды. Кездесуге келгендер Елбасы мақаласына сәйкес атқарылар жұмыстарды талықлады.

21:07, 18 мамыр 2017   207

Рухани жаңғыру - мемлекеттік дамуға жетелейтін маңызды қадам.  Өмірзақ Озғанбаев осылай мәлімдеді. Ол мемлекет басшысының мақаласының басты бағыттарын айқындап, тарқатып түсіндірді. Төл мәдениетті дамытудағы маңызын атап көрсетті.

Өмірзақ Озғанбаев - ҚР ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары
Біз қазір енді нарықтық қатынастар белгілі дәрежеде негіздерін жасадық. Енді қазір біздің үлкен мәселеміз рухани жағынан азаматтарымызды жетілдіру. Мінекей осыған байланысты, қазір жаңа оқулықтар бөлу керек. Ол кітаптарымыз дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына қосылу керек.

Ақшұқыр елді мекеніндегі жиынға мектеп ұжымы, оқушылар мен ауыл ақсақалдары қатысты. Олар мақаладағы көрсетілген тапсырмаларды қолға алып, сол бағытта жұмыс атқаратындарын айтты.

Боқан Таңғұлов - Түпқараған ауданының құрметті азаматы

Оны біз ардагерлер қолдай отырып, ата-аналар, қоғамдық орындар, әкімшілік  өздерінің жұмыстарына осы елді сүю, патриоттық тәрбие беру жөніндегі жастарды баулуға барлық күш жігер жұмсалатын болады.

Мемлекет басшысы ұлттық сананы жаңғыртудың маңызды бағыттарын айқындап, білімді және көкірегі ояу болуға шақырды. Жиынға қатысушылар елбасының мақаласына үн қосып, әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14