
Автожолдардың сапасы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 93-орында. Елімізде төселген жолдардың тек 9 пайызы 10 тоннадан артық салмақты көтере алады. Осыдан кейін ірі габаритті көліктер жолдардың тез бүлінуіне себеп болып отыр. Сенаттың кезекті отырысында депутат Рысқали Әбдікеров осылай деп,Үкіметке сауал жолдады. Шамадан тыс ауыр салмақты көліктерге шектеу жасалмайды. Көліктік бақылау инспекцисы дәрменсіз, - дейді депутат. Елімізде ұзындығы 95 600 шақырым болатын жолда небәрі 53 бақылау бекеті бар. Бұл ретте олардың санын арттырып, салмағы 25 тоннадан асатын жүк көліктерін заң шеңберінде технологиялық транспорттар санатына жатқызу қажет. Сонымен қатар, жүк тасымалын тексеруді полиция құзұрына да беру керек.