ШҰҒЫЛ! Жол апаты Толығырақ

Ауыз суға субсидия алу жеңілдейді

20:56, 14 қаңтар 2021

Ауыз суға субсидия алу жеңілдейді. Сенат аталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жаңа нормалар сонымен қатар жергілікті атқарушы биліктің дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететін болады.

Қазір ауыл халқының 87 пайызы орталық ауыз сумен қамтылған. Таза суға қол жеткізген елдімекендер саны 4 мыңнан асады. Оның 42 пайызы мемлекеттен берілетін қолдау қаржының есебінен суды жеңілдікпен тартқызып алған.  Сенаторлар бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын арттыру керектігін алға тартады.

Нариман Төреғалиев - ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 Заңнамаға жасалған талдау сумен жабдықтау объектілерін уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізу процесі көптеген ведомствоаралық келісулерді талап ететінін көрсетіп отыр. Өкінішке қарай, аталған келісулер 1-2 жылға дейін созылып кетуі осының дәлелі.

Бүгін мақұлданған құжатқа сай, субсидиялау едәуір жеңілдейді. Өңірлер де қолдау қаржыны уақытылы алады. Әр елдімекендегі су жүйесін жергілікті артқарушы орган басқарады. Ауыз судың текше метрі үшін төлем мөлшерін де өзі бекітеді. Бірақ ол республикадағы ең төменгі тарифтен арзан болмауы тиіс. Оны бекіту кезінде халықтың пікірі  ескерілуі шарт.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

 Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған заң өңірлерді дамутуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігі анық.

 «Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту - еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі» - деді. Айта кетейік, биыл ауыз суды субсидиялауға 16 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
21:20, 18 қаңтар 2021
Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
Толығырақ...
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
21:20, 18 қаңтар 2021
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
Толығырақ...
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
21:19, 18 қаңтар 2021
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...