ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

Балғынбекті Денсаулық сақтау министрі қабылдады

20:53, 19 мамыр 2017

Осыдан екі жыл бұрын тоққа түсіп, екі бірдей қолынан айырылып қалған Балғынбек Бахтияр туралы осыған дейін де бірнеше материалды назарларыңызға ұсынғанбыз. Астанаға келіп, жоғары білікті мамандарға қаралған жеткіншектің арманы - барынша икемді, көтерілетін, жұмып-ашылатын жасанды қол салу. 11 жасар баланың тағдырына бей-жай қарамаған қайырымды жандар оған қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Алматыдағы ортопедиялық орталықтың мамандары Балғынбекке көмектесетіндерін жеткізді. Бұл мекеме 88 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға аяқ-қол жасаумен айналысып келеді.

Балғынбек Астанаға келді. Арман қуып әрине. Осыдан екі жыл бұрын болған қайғылы оқиға баланы ерте есейтіп жібергендей. Өте салмақты, сабырлы жеткіншек өзінің мақсатына жету үшін тайынбаймын дейді.

Балғынбек Бахтияр

Бұндай енді ешкімнің басына келмесін деп айтайын мен. Бұндай жағдай АЛЛАның сынағы деп білемін мен. Мен бұл мақсатқа жетем әлі, әлі мойымаймын мен, қиындықтарды жеңе білемін,биік биік белестерді бағындырамын.

"Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан құралады". Көмек қолын созып, демеп жүрген жандар бар. Балғынбек бас шаһарға келе салып, ағаларымен кездесті. Өзінің тілегін айтты, бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенім білдірді.

Нұртай Сабильянов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Біз өз тарапымыздан да қолдауымызды көрсетеміз,бақылауға аламыз. Сонымен қарай әрі қарай да оқуына болса да басқа жағдай болса да көмектесіп тұрамыз. Осы қоғамның белгілі бір азаматы болып жүретініне сенімдімін, оған тек жігерлік керек.

Жасанды бір қолының ақысы шамамен 30 млн теңге. Бұл отандық орталықта жасайтын протездің құны. Мамандар жасанды қолды 2 жыл сайын ауыстыру қажеттігін айтып отыр. Жалпы функционалдық протезді кигізуге болатын және кигізуге келмейтін жағдайлар болады. Болжам бойынша Балғынбекке икемді протез салуға мүмкіндік бар. Ол қол жұмысының 95 пайызын қалпына келтіреді.

Ерсін Жүнісов - дәрігер

Бірінші реконструкциялық қалпына келтіру операциясын жасау керек. Протез кигізуге жарайтындай қолды созуымыз керек. Оны созғаннан кейін функционалдық протез кигізуді ойластыруымыз керек. Қазір 15 жасқа дейін ондай операцияны жасайық десек, бала өсіп келе жатыр.

Дәрігердің айтуынша Балғынбекке уақытша косметикалық протезбен жүруге тура келеді. Қолдарын ойша қимылдатып, көтеріп-түсіріп жаттығуларын ұдайы жасап тұруы тиіс. Әкесі Балғазы Серікбаев министрліктер үйіне барып, Денсаулық сақтау министріне хат жазды. Еліміздің бас дәрігері Балғынбектің өзімен кездесіп, қолдан келгенше көмек көрсететінін айтты.

Балғазы Серікбаев - Балғынбектің әкесі

Өзімізде Маңғыстауда бір күндік жалақыларын аударып жатыр бәрі. Бәріне де АЛЛАның нұры жаусын. Қазақстанда түгел шет жағынан көмек беріп жатыр. Менің балам хотя бы бір қолмен елдің алдында жүрсе екен деп армандаймын.

Балғынбектің емі мемлекет қамқорлығында. Үздік шетелдік компаниялар былтырдан бері елімізде жұмыс істеп жатыр. Түркия, Германия, Кореядан. жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін протездерді Қазақстанға кіргзе аламыз. Тек уақыт керек. Бәрі Балғынбектің өзіне байланысты.

Балғынбек Бахтияр

Бұйырса өсіп жатсам ақын болам деп армандаймын. Ел жұртым бар, бір өзім емеспін. Ел жұртым бар, қолдайды.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...