ШҰҒЫЛ! Жол апаты Толығырақ

Баспана дауы басталды

20:51, 12 қаңтар 2021

Тағы да баспана дауы. Ақтаудың 18 шағынауданынан бой көтеріп жатқан "Шахар плаза" көпқабатты тұрғын үй кешені құрылысының тұралап қалғанына біраз уақыт болды. Күте-күте күдер үзген тұрғындар енді ақшасын қайтарудың амалын іздеп жүр. Олардың азы 4 млн, көбі 16 млннан астам қаражат салған.

2020 жылдың декабрьде эксплутацияға берілу керек еді...

Бұл тұрғындар жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу тиіс еді. Бірақ, компания белгіленген уақытта құрылысты аяқтамаған. Аяқтау былай тұрсын, тұрғын үй кешенінің жартысының тек қабырғасы қаланған болса, жартысының әлі іргетасы да құйылмаған. Уағдалы уақыт бойынша 2020 жылдың желтоқсанында пәтер иелеріне кілт табысталуы керек еді. Ал құрылыс 2019 жылдың күзінен бастап қозғалмаған. Мұны көрген кейбір салымшылар қаражатын қайтаруды талап еткен. Бірақ компания иелері қаржыны қайтармақ түгілі, ортақ мәмілеге келуден бас тартып отыр.

Берік Кенжебеков - салымшы

Кран жоқ, даже кранды да алып тастаған башеный кранды да. Ешқандай стройка жүріп жатқан жоқ.  Ақша салдым 5 млн 600 мың. Өзімнің неме ол 8 блок, 8 корпуста әлі фундамент те салынған жоқ.  Әлі подушкамен тұр тек қана. Ол сұмдық қой.

Анар Сұлтанғазиева - салымшы

2018 жылы  16 млн  492 мыңға жеткіздік. Бір жыл бұрын тоқтаттық. Себебі, ешқандай артында қозғалыс болған жоқ. Фундементін салып қойды 1-2 этажын көтерді. 1 этажын по моему. Отношение ол сіра, он материться в открытую, ешқандай застройщик сияқты емес. Әрине, өкінішті өзіміз келіп салғанымызға өкінеміз.

Құрылыстың тоқтап  тұрғанын көргендер салым салуды тоқтатқан. Ал құрылысты жүргізіп жатқан "АУЭС и К " мекемесінің басшысы Ержан Әбенов бізбен тілдесуден бас тартты. Салымшылардың айтуынша, ол жұмыстың тоқтап қалуына пандемия кезінде жұмысшылардың жоқтығы себеп болғанын алға тартқан. Әкімдік қызметкері де мұны растап отыр.

Жанболат Жақыпов - Ақтау қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің сектор  меңгерушісі

 Талап-арыздарды қарау барысында анықталған бұл құрылыс жұмыстарының тоқтап қалу себебі, құрылысшылардың жетіспеушілігі рабочая сила дейді. Соның жетіспеушілігі. Одан бөлек,  әкімдік кеше кездесу өткізді Ақтау қаласының әкімінің орынбасарымен, құрылыс мекеменің басшыларымен. Кездесу барысында талқыланды. Салымшыларға ұсыныстар берілетіндігі ұсыныстар дайындап жатқанын айтқан болатын. Құрылыс нысанының жұмсытарын жүргізуге барлық рұқсат қағаздары алынған, әкімдік пен объектінің эскизі бар, АПЗ сы бар. Құрылыс жұмыстарын бастау туралы талоны бар. Соның барлығы берілген, ешқандай ол жерде заңсыздық жоқ. Тек қана салымшыларды тартуға Ақтау қаласы әкімдігінен рұқсат алмаған. 

Жетпіске жуық адам бүгін мекеменің кеңсесіне жиналып, баспанадан бас тартатынын айтып, салған қаржыны қайтаруды талап етті.  Ал құрылыс компаниясының басшысы жуық арада қаржының қайтарылмайтынын кесіп айтқан.

Договор бойынша 2020 жылдың декабрьде бітуі керек еді. 2022 де бітетіне ешкімнің гарантиясы жоқ.

Айнұр Маратқызы - тілші

Компания  басшысы тұрғын үй құрылысын жалғастырып 2022 жылдың 3 тоқсанында ғана аяқтауға уәде беріп отыр. Ал салған қаржысын қайтарып алғысы келетіндер әлі 10 ай күтуі керек. Бірақ 2 жыл бойы баспанасын сарылып тұрғындар бұл уәдеге сенбейді және тиісті орындарға шағымданбақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
21:20, 18 қаңтар 2021
Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
Толығырақ...
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
21:20, 18 қаңтар 2021
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
Толығырақ...
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
21:19, 18 қаңтар 2021
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...