ШҰҒЫЛ! "Жігіт сұлтаны - 2017" байқауы өтті Толығырақ

Батырдың топырағы туған жерге әкелінді

20:53, 19 мамыр 2017

Кеңес Одағының батыры Жұмағали Қалдықараевтың зияратынан алынған топырақ бүгін туған жерге әкелінді. Оны Беларуссияның Мозырь қаласынан 2 апта бұрын өңірден аттанған делегеция жеткізді. Майдангердің топырағы Маңғыстаулық батырлар горельфіндегі естелік тақтасына қойылды. Экспедиция мүшелері 10 мың шақырым жол жүрген. Ресей, Беларруссияның қалаларын аралап, майданда қаза тапқандар рухына тағзым етті. Бұл шара Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" мақаласының аясында іске асырылып отыр.

Алыстан әкелінген бір уыс топырақ. Батырдың рухына тағзым еткен ұрпақтар. Бүгінгі шараның мәні осы. Жұмағали Қалдықараев 22 жасында соғысқа аттанған. Майданда Мозырь қаласын азат етуге қатысыпты. Жаудың 7 танкісін жойып, Кеңес Одағының әскерлеріне Днепрден өтуге жол ашқан. Батырдың жеңіс жолындағы ерен еңбегін ұрпақтары ұмытпақ емес. Сондықтан олар ержүрек ердің зияратына тәу етуге арнайы барған.

Бақдәулет Байдоллаев - Ж.Қалдықараевтың ұрпағы

Белорусь елінде жатқан 9 батыр жатыр екен. Бауырластар қауымында. Тағзым еттік. Ел сәлемін алып бардық.

Маңғыстаудан соғысқа 6200 азамат аттанған. Оның 4800-і елге оралмапты. Майдан даласында қаза тауып, сол аймақта жерленген. Бабалардың тәуелсіздік үшін төккен қаны мен ерлігін қай кезеңде айтсақ та артық болмайды. Облыс әкімі осылай деп ойын жеткізді.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Бабалар еңбегін ұмытуға хақымыз жоқ. Бабамыз қуанып жатқан шығар. Туған туыстарына, аруақтың алдында парыз деп барған, аға-апаларымызға рахмет айтамын.

Белорусь жерінде 80-ге тарта қазақ азаматы жерленген. Жауынгерлерді сол елдің халқы да ардақтайды. Қазақстандықтарды құрметпен қарсы алған белорустарға экспедиция мүшелері ризашылығын білдірді. 

Еңселі ерлердің есімі - ел есінде. Тәуелсіздік туы желбіреп тұрған шақта олардың ерлігі ешқашан сөнбек емес. Батырдың рухын ұлықтап келген халық бүгін мұны тағы бір айшықтай түсті.

Тақырып бойынша материалдар

Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
19:44, 24 қараша 2017
Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
16:48, 22 қараша 2017
Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
Толығырақ...