
Ақтаудағы "Достық үйінде" қарақалпақ әдебиетінің классик ақыны Бердахқа арналған бұрыш ашылып, ескерткіш бюсті қойылды. Шара барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қатысушылар қарақалпақ ақынының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.