ШҰҒЫЛ! Ішек тұмауына шалдыққандар көбейді Толығырақ

Декларациялаудың бірінші кезеңі басталды

19:49, 14 қаңтар 2021

Жалпыға бірдей декларациялау! Аталған жаңашылдық елімізде 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл ең әуелі жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы тыю мақсатында қабылданып отыр. Декларациялау 4 кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар мен олардың жұбайлары табыстары туралы мәлімет тапсырулары тиіс. Ал, декларация тапсырудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Осы уақыттан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары есеп беруі керек болады. Үшінші кезеңі 2024 жылға жоспарланған. Ал төртінші кезең 2025 жылы басталады. Яғни елдің барлық дерлік ересек тұрғындары декларация тапсыруы тиіс болады.

Тақырып бойынша материалдар

Қиыршық тас өндіретін 2 кәсіпорынға айыппұл салынды
20:55, 22 қаңтар 2021
Қиыршық тас өндіретін 2 кәсіпорынға айыппұл салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар