ШҰҒЫЛ! Жол апатынан 6 адам зардап шекті Толығырақ

Денсаулық фестивалі өтті

21:04, 12 қыркүйек 2017

Дәстүрлі «Денсаулық фестивалі» Маңғыстау және қарақия аудандарының орталықтарында өтті. Шара көпшілік арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Тұрғындарға саламатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу - денсаулық негізі екенін түсіндіру. Шараға мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер, аудандық бөлім басшылары мен аудан басшысы қатысты.Аудан орталығында өткен шара алдымен көпшілік жүгірістен басталды. Одан әрі жиналғандар дене жаттығуын жасады. Қарақия ауданында да жалғасын тапқан спорттық шарада қатысушылар 1,5 шақырым жолды жүгіріп өтті. Көпшілікпен бірге жүгіріп, таңғы жаттығу жасаған аудан әкімі барлығына рахмет айтып, белсенділерге алғыс хаттар табыстады.

Әділбек Дауылбаев - Қарақия ауданның әкімі

Егеменді еліміздің дамыған елдердің алдында болуы үшін ұрпақтың дені сау болуы керек . денсаулығы мықты ел ғана осындай үлкен жетістіктерге жетеді. сондықтан елімізде , Қазақстанда денсаулыққа байланысты өте үлкен көңіл бөлініп келеді. бірнеше бағдарламалар бар. міне сондай бағдарламалар аясында осындай шараны ұйымдастырып отырмыз.

Тақырып бойынша материалдар

"Халық келісімі"  қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
21:39, 16 ақпан 2018
"Халық келісімі" қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
20:42, 12 ақпан 2018
Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
Толығырақ...