
Бүгін Өзбекстан Республикасы Хорезм қаласынан келген өзбек делегациясы облыс басшысының қабылдауында болды. Алдыменен аймақ басшысы келген қонақтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы тауар айналымын жандандыруды талқылады. Облыс әкімі Маңғыстау облысында транзиттік тасымал бірнеше есеге көбейгенін айтып өтті.