ШҰҒЫЛ! Жол апаты Толығырақ

Экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы бекіді

20:21, 24 қараша 2020

Бейберекет қоқыс полигондары жабылады. Үкімет басшысы экология министріне осындай тапсырма берді. Елде тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 3,5 мыңдай орын болса, соның 620-сы ғана талапқа сай. Ведомства өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп, осы проблеманы реттеуі тиіс. 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе мен Тараз қалаларында 6 қоқыс өңдейтін зауыт пилоттық жоба ретінде іске қосылады. Қатты қалдықтарды өңдеудің үлесі 30%-ға жетеді деген жоспар бар. Жалпы, Қазақстанда экологиялық ахуал мәз емес. 10 қаланың ауасы қатты ластанған. Осы түйткілдерді шешу үшін өңірлік жол карталары бекіді. Соның аясында кәсіпорындарға озық технологиялар енгізіп, 2024 жылға қарай атмосфераның ластану индексін төмендету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, алдағы 5 жылда орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 млрдтан астам ағаш отырғызылуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
21:20, 18 қаңтар 2021
Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
Толығырақ...
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
21:20, 18 қаңтар 2021
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
Толығырақ...
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
21:19, 18 қаңтар 2021
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...