ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Экономика жаңалықтары - Облыста құрылыс қарқынды

22:24, 17 ақпан 2017

Өткен жылы облыста жалпы ауданы 708,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 292 мың шаршы метрі Ақтауда бой көтерген.

Серікбай Трұмов - Ақтау қаласының әкімі

Оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі желісі арқылы 867 пәтерлік 5 үй тапсырылды. Яғни, 32А шағынауданынан 1 үй және 33 шағынауданнан 4 үй. Мұнда 354 әкімдік кезегінде тұрған адамдарға және 513 пәтер банк салымшыларының өздерінің қаражаттарына бөілнді.

Бензин көліктердің көбейгеніне байланысты қымбаттап отыр

Бензиннің қымбаттауы көліктер санының артуымен байланысты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері мәлімдеп отыр.

Егер елімізде 2001 жылы 1 миллион 58 мың көлік тіркелсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш бірден 3 миллион 924 мыңға жетті. Сәйкесінше жанармай пайдалану 2,5 есеге артып отыр. Ал, Елімізде бензин өндіру 1 миллион 536 тоннаға, ал дизель отынын өндіру 2 миллион 900 тонаға артқан. Қазір бізге бензиннің 30 пайызымен дизель отынының 15 пайызы Ресей Федерациясынан жеткізілуде.

Елімізде АИ-80 маркалы жанармай өндірісі тоқтатылады

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы жанармайды өндіру тоқтатылады. Аталған сұйық отын тек әскерилерге және коммуналды қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын мекемелер үшін арнайы тапсырыспен шығарылмақ.

Энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша, елімізде АИ-80 маркалы бензинге сұраныс мүлдем төмен. Мәселен, жеңіл көліктердің 99 пайызы АИ-92 маркалы жанармайды пайдаланады.

Теңге бағамы нығая түсті

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында долларына 318,88 теңгеге тең болды. Кеше ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 319,42 теңге болған еді.  Ұлттық валюта 2015 жылдың соңында осы деңгейде болған.

Бүгін сауда көлемі 53,1 миллионға жетті. Ал, максималдық құны - 319,5 теңге. Ұлттық валюта бағамы айырбас пункттерінде де өзгерді. Kurs.kz мәліметінше, доллар 318,5-320 теңгеге бағаланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...