
16 қаңтардан бастап кеден заңнамасына енген түзетулер күшіне енеді. Енді жүк көлігінің жүру бағыты, нақты орналасқан жері мен уақытын мемлекеттік кірістер органдары анықтайтын болады. Ол үшін спутниктік навигация қолданылады. Бұдан басқа, көлік құралдарын электрондық кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру жобасы әзірленді. Онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған. Бұл туралы облыстың мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.