
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге мөлшерінде бекітілді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1642 теңгеге өсті. Биыл тұтыну себетінің құрамының 55%-ын азық-түлік, ал 45% азық-түлік емес тауарлар құрайды. Яғни өмір сүруге қажетті өнімдер жиынтығын сатып алу үшін 18 866 теңге, ал өнеркәсіптік тауарларды сатып алу және қызметтерге ақы төлеу үшін 15 435,9 теңге көлемінде қаражат белгіленген.