Емханаға тіркелу жүріп жатыр

Бүгінге дейін Ақтау қаласы бойынша 800-ге жуық адам жергілікті емханаларға тіркелген. Тұрғындарды тіркеу науқаны 5 сәуірде басталған болатын. Бұл - Ұлт жоспарының 80-қадамында көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі.

21:11, 20 сәуір 2017   370

Тілші: Емханаға тіркелу тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтау үшін қажет. Сақтандыру жүйесі бойынша азаматтар бірнеше санаттарға бөлінеді.

Алтынгүл Көптілеуова - Ақтау қалалық №1 емханасы бас дәрігерінің орынбасары

Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына сәйкес 15 санатты азаматтар жарна төлеуден босатылады. Ол біріншіден, балалаар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектері және де бала күтімінде отырған аналар, интернатта оқып, тәрбиеленіп отырған азаматтар, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және де зейнеткерлер.

Тілші: Мамандар қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, емдеу орнын таңдауға қатысты кеңестер беріп жатыр. Мәселен, тіркелетін емхананың тұрғылықты мекен-жайға жақын болғаны дұрыс дейді. Бұл дәрігер үшін де, тұрғынның өзі үшін де ыңғайлы болмақ. Бірақ, емхана қызметкерлері қала тұрғындарының әзірге тіркелуге белсенділік танытпай отырғанын айтады.   

Биылдан бастап, медициналық страхованиені естіп жатырмын. Мен оны қолдаймын. Міндетті түрде тіркелемін оған барып. Осы қазір қол тимей жатыр. Жұмыста жүрміз.

Медициналық сақтандыруға қолдаймын. Ол дұрыс деп ойлаймын. Оған болашақта тіркелемін. Алдағы уақытта.

Енді мына бала-шаға бар. Өздеріміз бар. Қай жерде болмасын адам, пенде болғасын бір жерде болмаса, бір жерде көшеде мысалға, әр түрлі жағдайлармен жығылып қалуы мүмкін. Жығылып қаласын ба, басын айналып қалады ма сондайда барып көріне қойсаң әрине, құба-құп. Өз басым қолдаймын.

Тілші: Айта кетейік, емханаға тіркелу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызбен барып, жазбаша өтініш беруіңіз қажет.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14