Еңбегі ерен құрылысшылар марапатталды

Бүгін құрылысшылар күні. Еліміздің дамуында өзіндік қолтаңбаларын қалдырып келе жатқан құрылысшылар үшін, Ақтауда салтанатты шара өткізілді. Сала мамандары мен ардагерлерін өңір басшысының өзі құттықтады. Бірқатар құрылысшыға марапаттар тапсырылды.

21:30, 11 тамыз 2017   433

Марапатталып жатқан әр құрылысшының еңбегі зор. Олар зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлер тұрғызып, жолдар салып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысып жүрген азаматтар. Кәсіби мерекелерінде осыған лайықты құрметке ие болды. Мұны өңір басшының өзі атап өтті.   

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Сол жолдар арқылы бүгінде 68 пайыз тауар айналымы Маңғыстау Ақтау арқылы өткізуге мүмкіндік бар. Ақтау бұрын тұйық қала еді енді Тәуелсіз Қазақстанның қақпасына айналды. Бұның бәрінің аржағында сіздердің еңбектеріңіз жатыр. 

Құрылыс саласына еңбегі сіңген бірнеше азаматқа "Құрметті құрылысшы", "Құрметті жолшы" төс белгілері мен "Еңбек ардагері" медалі табысталды. Одан бөлек, Инвестициялар және даму министрлігінің құрмет грамоталары мен облыс әкімінің алғыс хаттары берілді. Шараға қатысқан ардагерлер де бүгінгі құрылысшылардың жетістіктерінен хабардар. 

Ұзақбай Әділов - Қазақстанның құрметті құрылысшысы

Құрылыс қарқынды. бұрынғыдан төмендеді деп айта алмаймын. Жақсы салынып жатыр.

Тоқтарбай Балықбайұлы - ардагер құрылысшы

Қазіргі құрылысшылар жетілген. Жақсы деп бағалаймын. Соның ішінде Самат Мұсабаев. Жолдыбаев Асылбек, Мұңалбаев Сұңғат және Күншығаров Нұрбек деген жігіттердің еңбегі күшті.

Салтанатты шараның соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14