Ерекше такси қызметі

Ақтауда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған такси қызмет көрсетеді. Жолақысы небары 200 теңге. Бірақ діттеген жеріңізге тегін шырын ішіп, кәмпит сорып көңілді жетесіз. Тіпті аяқ киіміңізді щеткілеп алам десеңіз де мүмкіндік бар. Көлікке отырғандар алғашында таңданыстан тосырқап қалғанымен артынша ризашылықтарын білдіріп жатады екен.

20:44, 19 сәуір 2017   288

Әжесі мен немересі көліккеотырарда назары бірден алдында тұрған заттарға ауды. Бұрын мұндайды көрмегенолар аң-таң. Мұны аңғарған таксиші лезде ілтипат білдірді.

Гүлнәр Баймұханова таксиқызметін жиі пайдаланады. Бірақ жолаушылар үшін жағымды жағдай жасалған көліктіалғаш көруі. Әжесі немересіне шырын беріп екеуі де көңілді отыр.

Гүлнәр Баймұханова - қала тұрғыны

Әсерім өте күшті, жақсы.Әсіресе балаларға жақсы жасаған екен. Мысалы жылап келе жатса, айқайлап кележатса, мұрнынан су ағады, то мороженый жейміз, то сок ішеміз. Ішінде влажныйсалфеткаға дейін бар екен. Көбейе берсін, рахмет.

Көлік иесі -Батырғали Көшпеновтыңнегізгі қызметі жедел жәрдем жүргізушісі. Демалыс күндері адам тасып қосымшаақша табады. Бірақ ол пайдадан гөрі, қызмет көрсету мәдениетін бәрінен жоғарықояды.

Батырғали Көшпенов - таксиші

Клиенттер ренжімес үшін,риза болып кету үшін алыс жолға болсын, жақын жерге барса да мәдениетті, таза,ыңғайлы болып жеткендеріне талап жасаймын да.

Такси жүргізушісі классикалық үлгіде киінуді әдетке айналдырған. Ал оның көлігінде қағаз майлық,құлақ тазалайтын, тіпті тіс шұқитын таяқшаға дейін бар. Егер үйде үлгермегенболсаңыз аяқ киімізді көлікте-ақ тазалап ала аласыз. Бірақ сондай таксиге тапболсаңыз.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14