Әскери теңізшілердің бір күні

Маңғыстаудағы тілшілер от пен судың ортасына түсіп, бұрын-соңды істеп көрмеген әскери міндеттерді орындады. Ерекше қуатты құрылым әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін сарбаздардың теңіздің тулаған толқындарымен арпалыса жүріп атқаратын жауапты қызметінің қызығы мен шыжығын сезінді. Нағыз жауынгерлік кемелер орналасқан әскери базадағы баспасөз турында тілшіміз Нысаналы Ығыл да болып келді.

22:08, 17 шілде 2017   161

25 жылда әскерисаланың әлеуеті артып, сарбаздар сайдың тасындай іріктелген. Бұған әбденкөзіміз жетті. Алдымен, оқу-жаттығу станциясында болдық.

Тілшілерге лапылдаған жалынменарпалысуға тура келді. Себебі кеменің электрмеханикалық жабдықтар бөлігінжылдам сөндірмесе, іс насырға шабады. Ал басқа топтағылардың үстері малмаңдайсу.

Нысаналы Ығыл - тілші

«Теңіз тілсіз жау»,-деп бекер айтпайды.Кенеттен кемеде құбырлар жарылып, тесіктер пайда болса экипаж мүшелері 1-2минут көлемінде бітеп үлгеруі тиіс. Әйтпесе техника теңіз қысымымен суға батыпкетуі мүмкін. Ал мен көмекке асығайын.

Әскери теңізшілер су астықұралдарымен де толық қамтылған. Сүңгуірлерге қажет аумақты өлшеу, бағыттыайқындау құрылғылары бәрі заман талабына сай. Бірақ бірінші кезекте қайықтыбасқара білу керек.

Нысаналы Ығыл - тілші

Тілшілер көліктен қайыққа отырып,микрофон мен қаламдарын ескекке ауыстыруда. Осылайша кемеге жүзудің негізінүйреніп жатыр.

«Қайықтағының жаныбір»,-демекші ескекшілер бірлесе әрекет етуі тиіс. Сөйткенде ғана теңіздегікедергілерге төтеп береді. Кез-келген теңізші үлкен кемеге икемделуі үшін әуеліқайықты игеруі шарт.

Бұдан соң біз «Орал»зымыранды-артиллериялық кемесіне жайғастық. Жүзу жылдамдығы сағатына 27 торап.Бұл тас жолдағы көліктен екі есе тез, яғни 60 шақырымға жуықжылдамдық. Кеме әуе, теңіз және жағалау нысандарын жоюға бағытталған. Бірминутта 1000 оқ жаудыра алады.

Баспасөз туры барысында экипаж мүшесінің бірі әке атанды. Мұны естіген әріптестеріқалыптасқан дәстүр бойынша оны бірден теңізге лақтырып жіберді.

Егер қыз дүниеге келсе теңізгелақтырады, ал ұл болса отан қорғаушы туды деп, құттықтайды.

Райымбек Хайруш - 5-жауынгерлікбөлімнің команда старшинасы

Біздің теңізшілердің дәстүрі бойынша қысболсын, жаз болсын суға лақтырады. Бүгін маған повезло күн жылы болып тұр. Өтеқуаныштымын. Тұңғыш қызым. Қызымның атын Аяна қоямын.

Айбынды сарбаздардың тағы біржоралғысы - тұзды су ішу. Тілшілер именбеді. Көзді жұмып, тұзды судысіміріп жіберіп, шартты түрде теңізші атанды.

Нысаналы Ығыл - тілші

Қашанда дәстүрге берікпіз және өзгелердіңде дәстүрін сыйлаймыз. Теңіздің тұзды суын ішуге дайынбыз. Және бұдан бастап«тілші-теңізші» атандық деп ойлаймыз.

Жандарбек Жанұзақов - ҚР әскери-теңізкүштері бас қолбасшысы

Жалпы 25 жылда үлкен серпіліс жасалды.Қазір армия басқа, 90-шы жалдардағыдай емес. Кәсіби мамандар,материалдық-техникалық базалары бар әрі заманауи қаруланған. Журналистерхалықпен арадағы көпір болған соң осындай шара ұйымдастырдық.

Тілшілер теңізде бір күн ғанаболса,әскерилер апталап кетеді. Олар Каспийде кірпік қақпай елдің шебінкүзетуді абыройлы міндет санайды әрі ерлікке балайды.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14