
Келер жылы Бекет атаның 270 жылдығы тойланады. Тағылымды мерекеге орай атаның Оғландыдағы жерасты мешітіне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында айтылды. Жиында Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі от храмдары мен тас мүсіндерді сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланып, Қарақабақ қалашығы жайлы айтылды.