ШҰҒЫЛ! Баласын аяусыз өлтірген ана қамауға алынды Толығырақ

Европа біріншілігінің жүлдегері

21:05, 16 наурыз 2017

Анна Казюлина - дзюдодан Прагада өткен Еуропа ашық біріншілігінде қола жүлдегер атанды. 57 келіде ел намысы қорғаған Анна 4 қарсыласынан басым түсіп, қоржынды медальмен толтырды. Жарыста әлемнің 16 елінен келген 100 спортшы бақ сынасқан.

Анна жарысты  литвалық балуанмен кездесумен бастады. Бұл белдесуде қарсыласынан «вазари» әдісімен басым түскен. Ал, екінші белдесуде испандық спортшыны "иппон" ұпайымен жеңді. Ал, жартылай финалда алаң иесіне есе жіберіп алыпты. Дегенмен, қола үшін болған белдесуде тағы бір отандасымыз ел чемпионы Севара Нышанбаевадан басым түскен. Осылайша жерлесіміз турнирдің қола медалын иеленді.

Анна Казюлина - Европа біріншілігінің қола жүлдегері

Қола үшін болған кездесуде хануке маке әдісін қолдандым. Кездесудің қай-қайсыда  оңай болған жоқ. Менің салмағымда 30 балуан болды. Әзірлік жақсы болды, медаль үшін бардық жоспар орындалды.

Ол жарыс пен жаттығудан кеше ғана келді. Бірақ, бүгін тағы Моңғолияға жаттығу жиынына барады. Онда айдың соңына дейін моңғол елінің мықты спортшыларымен бірге әзірлігін пысықтамақ. Одан соң Анна Казюлинаны Грузия астанасында Гран при турнирі күтіп тұр.

Әділ Бисенқұл - А. Казюлинаның  бапкері

57 кг салмақ дәрежесінде қыздар арасында ұлттық құрама сапында  бірінші нөмірде. Ганконгте өтетін Азия чемпионаты мамырда өтетін соған қатысады. Қазір соған баптап алып баруымыз керек. Қазір бабында. Одан кейін тамыз айында Будапеште өтетін әлем чемпионатына қатысады. Негзігі жоспарымыз сол әлем чемпионаты.

Бұдан бөлек маңғыстаулық дзюдошылар Айбек Имашов, Мейрамбек Жаңабай, Нұрдәулет Жарылғаповтар да әзірліктерін пысықтауда. Олар сәуір айында  Түркияның Анталия қаласында өтетін Гран При турнирінде ел намысын қорғайды. Үздіктер қатарынан көрінсе Азия біріншілігіне жолдама алады.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметшілер мен журналистер біліктілігін арттырды
20:04, 16 қазан 2018
Мемлекеттік қызметшілер мен журналистер біліктілігін арттырд...
Толығырақ...
Баласын аяусыз өлтірген ана қамауға алынды
20:04, 16 қазан 2018
Баласын аяусыз өлтірген ана қамауға алынды
Толығырақ...
ҰБТ-ға өзгеріс: мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады
19:15, 16 қазан 2018
ҰБТ-ға өзгеріс: мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар