ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

Газ бекеттерінде заңбұзушылық көп

21:04, 12 қыркүйек 2017

Газ бекеттерінде заңбұзушылық көп. Кейбір кәсіпкерлер газ сату кезінде фискалдық чектерді дұрыс бермейді.

Осындай аңсыздықтың куәсі болған кездейсоқ куәгер біздің редакциямызға бейне жолдады. Айта кетейік, газ мәселесі қазір облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бақылауына алынды. Ол  өткен аптада "ҚазГӨЗ" зауытына барып, күнделікті өндірілген  газдың кіріс және шығыс есебі тіркелген құжатты сұраған болатын.

Бұл облыс әкімінің Ақтау газ бекеттерінде жүргізген рейді. Кейбір көгілдір отын стансаларында түбіртектер атауымен жоқ. Демек, бюджетке салық түспейді деген сөз. Былықты көзімен көрген облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық газ құю бекеттерін тексеріп, мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарын тартуға тапсырма берген еді.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Алайда, әкімнің тапсырмасына жеңіл қарайтын кәсіпкерлер аз емес. Мәселен, "Мобильді репортерге" жолданған мына бейнеде  жүз литр газ құйса да, оған чек шығарып бермегені көрінеді. Тек ұялы телефонға түсіргеннен кейін қимылдаған кәсіпкер мерзімі өткен тубіртекті бергені белгілі болды. 

Газ құю бекетінің иесі дөрекілік танытып түбіртекті жаңартып беруден бас тартты. Ол чек шығаратын құрылғының істен шыққанын айтып алдында ақталды.

Аймақтағы газ құю бекеттері мен ондағы көліктің кезегі облыс басшысының бақылауында. Күндіз газ жоқ деген сылтаумен бекетті жауып, түнде жасырын сатқандар жазадан тыс қалмайды. Сондай-ақ, "ҚазГӨЗ" мекемесіндегі  өндірілген газдың мөлшері де әкімнің назарында.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...