ШҰҒЫЛ! Заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған екі күдікті ұсталды Толығырақ

Игі істе үлгі көп

20:44, 19 сәуір 2017

Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. Осыны ұстанған бейнеуліктер жасы 90-нан асқан қарияға барып, қал-жағдайын білді. Ал, ауданның жастары орталықта жәрмеңке ұйымдастырды. Оған өздері жасаған түрлі тәтті тағамдар мен қолөнер заттарын қойды. Түскен қаражатты мүгедек балалардың ата-аналарына берді. Сөйтіп, игі істің бастамасы болды.

 

Облыста наурыз айында басталған «Наурыз мейірі» акциясы берекелі Бейнеуде жалғасты. Ауданның белсенді кәсіпкерлері мен медицина саласының қызметкерлері 96 жастағы соғыс ардагерінің хал-жағдайын сұрап барды. Дәрігерлер ақсақалдың қан қысымын тексеріп, әлі де тың екенін айтты.

Кәсіпкерлер ақсақалға сыйлыққа теледидар беріп, ұрпақ үшін жасаған ерлігіне алғысын жеткізді.

Шайхы Азанов - ҚХА Бейнеу ауданы бойынша өкілі

Соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, мүжәлсіз жандарға қолдау көрсету. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету.

 Жалындаған жастар аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастырды. Бейнеу гуманитарлық, политехникалық коллеждерінен 40-тан астам студент пен мектеп оқушылары  жәрмеңкеге өздері жасаған тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын қойды. Ал, сатылымнан түскен қаражатты аудандағы мүгедек балалардың еміне берді. 

Мерхат Тұранұлы - аудан тұрғыны

Бүгінгі мына орталық базардың алаңында өтіп жатқан мына шараны өте қолдаймыз біздер. Бұл мына Бейнеудің жастары, студенттерінің, оқушыларының ұйымдастырып жатқан шарасы көңілден шығып жатыр. Қазақта өзі жетімін жылатпаған жаңағыдай қайырымдылықты көп жасаған халықпыз. Сондықтан, бұл өте қоштайтын, қолдайтын нәрсе. 

Қайырымдылық жасау - үлгілі  іс. Мұны бейнеуліктер жақсы түсінеді. Сол себепті, әрқашан игі істердің бастамасы болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
20:24, 16 қаңтар 2018
Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
Толығырақ...
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
19:06, 16 қаңтар 2018
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
20:59, 11 қаңтар 2018
Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
Толығырақ...
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
20:57, 10 қаңтар 2018
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
Толығырақ...