
Ақтаудағы Толқын 1, Толқын 2 шағынаудандарында қоқыс үйіліп жатыр. Мәселе тұрғындардың келісімшартқа отырмауы салдарынан болған. Бұған дейін әкімшіліктің "Қала жолдары" мекемесімен бірлесуі арқылы тұрмыстық қалдықтар бірнеше рет шығарылған. Шаһарда қоқыс шығарумен 3 сервистік мекеме- "Caspiy operating”, "Евросервис Джо" және "Соц сервис а" айналысады. Қазіргі таңда аталған шағынаудандарға "Евро Сервис Джо" қызмет көрсетуге құлық танытып отыр. Ол үшін тұрғындар мекемемен келісімшартқа отыруы қажет. Компания тарапынан түсіндіру жұмыстары қазан айынан бастап жүргізіліп жатыр. Толқын-1, Толқын-2, 24 шағынаудандардағы 159 коттедж иесі келісімшартқа отырған. Бірақ әлі бейқам тұрғындар да бар.
Алпысбай Таубаев - Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары
Аумақ дейді ғой. Территория кім қайда қызмет көретеді, сол қызметін жасап отыр. Енді мәселеміз жаңа айтып кеткендей, коттеджный қалашықта тұр. Негізгі орталық көше деп айтуға да болады. Бұрын 29 шағынаудан кеште болды, қазір ортада қалып отыр. Қазір нағыз центрде. Тазалықты сақтайық деп, осы тұрғындарды шақырып, осы қызмет көрсететін мекемелермен отырып, ол жерде де түсінуге болады, дегенмен мына кісі айтып кеткендей қызмет жасалып жатыр. Адамдар барып жатыр. Енді шара қолдану мәселесін қарастырып жатырмыз. Оған арнайы график кесте белгілеуіміз керек. Келісіп, тиісті құзырлы органдармен. Сол кезде эффект береді деп ойлаймыз.