ШҰҒЫЛ! Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан Толығырақ

"Қаламқасмұнайгаздағы" мұнайшылар күні

19:01, 11 қыркүйек 2017

Ел экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан "ҚаламқасМұнайГаз" ұжымы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесін кең көлемде тойлады.

Биылғы мереке Қаламқас мұнайшылары үшін де ерекше. Мамыр айында басқарма араға отыз сегіз жыл салып 150 миллионшы тонна мұнайын өдіргені туралы рапорт берді. Тәуліктік өнім мөлшері 11 мың тоннадан, ал жылдық орташа өнім мөлшері 4 млн. тоннадан асып тарихи межеге шықты.

Мерекелік жиын басқарма басшыларының құттықауымен басталды. Олар кен орынында күні-түні тынбай еңбек етіп жатқан мұнайшыларға биыл кен орнында орын алған тарихи оқиғаны тілге тиіп, оның қандай еңбекпен келгенін және оған әр жұмысшының үлесі барын айтты.

Қазбек Нұрмұханов  - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ басшысының бірінші орынбасары

алдыңғы айымызда 150 млн тонна өндіріп. ОСы өндіріс басталғалы бері 1979 жылы іске қо сылғаннан бері биыл 150 млн-шы мұнай өндіріп отырмыз. 2005 жылы 100 мың млн өндірсек. Бүгін таңда 150 млн-шы мұнайды өндіріп отрмыз. Бұның бәрі "Маңғыстаумұнайгаз" оның ішінде "Қаламқасмұнайгаз" кен орнының қызметкерлерінің рөлі өте зор деп есептеймін.

Салтанатты жиынбарысында Қаламқасмұнайын игеруде ерекше көзге түскен бірқатар маманға «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады. Ал осы салада тынбай еңбек етіп жиған тәжірибесін бүгінгі жасқа үйретіп жүрген тәлімгерге "Мұнай газ кешенін дамытуға қосқан үлесі" медалі тапсырылды.

Бектас Асанов 5 - дәрежелі оператор

Басшылардың еңбегімді елеп беріп жатқан медаліне рахмет. Бәрің де осында медальді болың дегім келеді мұнайшыларға. Барлық мұнайшыларды құттықтаймын. Мерекеден мерекеге жете берейік қара алтынымыз таусылмасын.

Тарихы 40 жылға таяу кен орнының  табысында бүгінгі еңбеккерлермен қатар Маңғыстау мұнайын алғаш игеруші ардагерлердің де үлесі зор. Осыны ескерген компания басшылары бір топ ардагер мұнайшыны Қаламқас басындағы мерекеге ортақтасуға мүмкіндік жасады. Сала ардагерлері салтанатты жиынбарысында бүгінгі ізбасарларын мерекемен құттықтады.

Өрен Сағындықов  - ардагер мұнайшы

Мұнайшылар бүгінгіөздеріңіздің төл мерекелеріңіз мұнайшылар күні құтты болсын. Әр қайсыңыздың отбасыңызға , бастарыңда тек қана жақсылық болғай . Мұнайларың көп болып, еңбектерің жемісті бола берсін. 

Мерекеге орай Қаламқас басында киіз үйлер тігілді. Қызметкерлер арқан тарту, гір көтеру мен қол күресінен сынға түсті. Ал өндіріс пен өнерді қатар алып жүрген жастар әріптестеріне арнап әннен шашу шашты.

Тақырып бойынша материалдар

Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
20:31, 25 қыркүйек 2017
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
Толығырақ...
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
20:31, 25 қыркүйек 2017
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
18:53, 22 қыркүйек 2017
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
Толығырақ...
Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...