Қарақиялық футболшылар жүлделі оралды

Қарақиялық жас футболшылар республикалық турнирден жүлделі оралды. Елордада өткен дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен командалар қатысты. Олар 4 топқа бөлініп өзара сынға түсті.

21:07, 18 мамыр 2017   125

Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген жерлестеріміз шешуші кезеңде  Солтүстік Қазақстан құрамасымен кездескен. Қос таймда екі команда тең түсіп, жеңімпазды анықтамаған. Пенальти кезеңінде сәттілік қарсылас командаға бұйырған. Сондай-ақ, турнирдің үздік ойыншысы атағын Қарақия командасының шабуылшысы Бекзат Дәкебаев алды. "Кока кола былғары доп" жарысыннан күміс жүлдемен оралған жеңімпаздарды туған туыстары мен мектеп ұжымы сән-салтанатпен  күтіп алды.

Әли Қабақов - Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының әдіскері

Солтүстік қазақстан командасы ұтып кетті. Екінші орынға да бұл балдар чемпионға лайық команда. Неге десеңіз осы Қарақия ауданы спортқа деген оның ішінде футболға деген үлесі көп облыс көлемінде

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14