ШҰҒЫЛ! Сауда ойын-сауық кешендерінде 637 заңбұзушылық анықталды Толығырақ

Қару атқандар жауапқа тартылуда

21:04, 16 наурыз 2017

Жаңаөзен қаласында той тойлаған жастар аспанға дыбыстық қару атты. Картеждегі жігіттер дыбыс шығыратын спорттық тапаншаны пайдаланған. Сондай-ақ, жалған мемлекеттік белгімен жүріп, жол ережесін бұзыпты. Көлік ішінде тойдың басты кейіпкерлері де бар екен. Көпті шулатып, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандардың бірі бірі сот шешімен 5 тәулікке қамалды. Барлығы айыппұл төлейтін болды.

Қара түсті 570 лексус автокөлігі  жалған мемлекеттік белгі тағып той картежінде  емін-еркін жол ережесін бұзған. Онымен қоса, жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған  күйі көлік құралын басқарған. Бір емес осымен екінші рет қайталынып отырған заңбұзушылық үшін, 24жастағы жігіт екінші рет сынақ тапсырып, жүргізуші куәлігін алуға мәжбүр.

Нұрсейт ОРАЗОВ - Жаңаөзен қалалық ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары

Жалған мемлекеттік белгісімен жүргендігі үшін ҚР ӘҚБК 594 бабы бойынша хаттама толтырылып сотқа жолданды. 

Тас жолдың қақ ортасымен  кері қарай жүріп келе жатырған ВМВ маркалы, мемлекеттік белгісі 756  номерлі автокөлік.  Ережені өрескел бұзғандардың  ішінде 20  жастағы  мына жігіт  көлік  терезесінен,  дыбыс шығаратын спорттық тапаншамен  аспанға бірнеше рет атқан. Онымен қоса жолаушы қауіпсіздік белдігін де тақпаған.

Нұрсейт ОРАЗОВ - Жаңаөзен қалалық ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары

Қасындағы жолаушысы, дыбысты қару пайдаланғаны үшін 434-бойынша және 436 бап бойынша сотқа жолданды. 436-бап бойынша айыппұл салынып, 434-бап бойынша 5 тәулікке қамалды.

Бір мезетте бір емес, бірнеше айыппұл арқалаған  жүгенсіздердің бұл ісі, басқаларға да үлгі болсын дейді тәртіп сақшылары.  Ал, заңды белінен  басып өрескелдік жасаған  20 жастағы жігіт пен бір емес бірнеше рет  жол ережесіне бағынбаған 24 жастағы жүргізушіні жол сақшылары дер кезінде құрықтады.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда банкке қарақшылық шабуыл жасалды
20:30, 21 мамыр 2018
Ақтауда банкке қарақшылық шабуыл жасалды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20-шағынаудандағы жерлер аукционға шығарылды
19:18, 17 мамыр 2018
20-шағынаудандағы жерлер аукционға шығарылды
Толығырақ...