
Ақтаулық "Каспий" футбол клубы кезекті жеңісіне жетті. Бұл жолы өздерінің чемпионаттағы басты қарсыласы көкшетаулық "Оқжетпесті" 2-1 есебімен жеңді. 19-шы тур аясындағы ойында есепті ойынның 12-ші минутында "каспийліктер " сапынан Руслан Сахалбаев ашты. Ал екінші голды матчтың 78-ші минутында он бір метрлік айып добынан Биляль Себахи соқты. Көкшетаулықтар ақтаулықтарға ойынның 83-ші минутта бір голмен ғана жауап қатты. Бұл ақтаулықтардың біріншіліктегі төртінші жеңісі. Осы жеңістен кейін ақтаулықтар 14 ұпаймен турнирлік кестеде "Оқжетпесті" артқа тастап 10-шы орынға тұрақтады. Енді "Каспий" футбол клубының біріншілікте үш ойыны бар. Ертең ақтаулықтар "Таразбен" кездеседі.