Каспийден өлі аққу табылды

Каспий жағалауынан өлі аққу табылды. Халық көп жиналатын 14 шағын аудандағы жағада жатқан өлі құсты тұрғындар көрген. Аққудың неден өлгені әлі белгісіз. Құстың өлі денесі арнайы зертханаға жіберілді.

21:26, 11 қаңтар 2017   225

Табиғат жанашырларының айтуынша, теңіз жағасында демалатындардың дені қоқыс шашып кетеді. Қалдықтардан келетін залал көп. Сондай-ақ, Каспийге келушілер аққуларға нан шашып, тамақтандырады. Экологтар нан беруге болмайтынын айтып, бірнеше жылдан бері дабыл қағып келеді. Өйткені, ұн өнімі құс асқазанына ауыр салмақ түсіреді. Қорытылмайды. Дегенмен оған құлақ асар жан жоқ.  Эколог Кирилл Осин Каспийге келген аққулар арасынан жылда осындай оқиға тіркелетінін айтады. 

Кирилл Осин - "ЭКО Мангистау" ҮЕҰ төрағасы

Аққулардың өлуі алғаш рет емес. Жылына бір рет тіркеліп тұрады.Желтоқсанда екі оқиға тіркелген. Енді міне тағы . Құстардың өліміне түрлі себеп бар. Дұрыс тамақтанбаудан  не түрлі жұқпалы аурулардан да болуы мүмкін .Өйткені Ресей аумағында жұқпалы аурулардан жүздеген аққу өлген.  Нақты себепті тек зертханалық тексерістен соң айта аламыз.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14